Блог статистикасы
196
Жазбалар
2743
Өтініштер
131802
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Мемлекеттік қала құрылысы кадастры

Мемлекеттік қала құрылыс кадастры – қала құрылысының регламенті, картографиялық, статистикалық және мәтін ақпараттарды қосатын, қала құрылысы, сәулет және құрылыс қызметінің аумағында сипаттайтын әлеуметтік-құқықтық белгілері бойынша оны пайдалану, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету деңгейіне, сонда орналасқан параметрі және объектілердің жағдайы бойынша, сонымен қатар табиғи-ахуал сертіне және экологиялық жағдайы, мемлекеттік жүйенің сандық және сапалы көрсеткіші болып табылады.

2014 жылға дейін сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларындағы қызметі облыс қарамағындағы аумақта жүзеге асырылатын облыс әкімдіктердің құзыретіне облыстық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу кірген. Басқармамен 2007 жылы Қостанай облысының Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын (бұдан әрі - МҚҚК) құру туралы техника-экономикалық негіздемесі (бұдан әрі - ТЭН) әзірленді және 2008 жылы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің оң қорытындысы алынды. Техника-экономикалық негіздемеге сәйкес облыстың барлық аумағында МҚҚК құруының құны 5 млрд. 687 млн. теңге.

2008 жылдан бастап 2013 жылға дейінгі кезеңде жыл сайын МҚҚК құру  үшін жекешеленген қалалар және өңірлер бойынша бюджеттік өтінімдер берілген, оның ішінде Қостанай қаласында 326 330 мың теңгеге, Рудный қаласында 130 267 мың теңгеге, Лисаков және Арқалық қалаларында 215 306 мың теңгеге, бірақ қаржыландырудың жоқтығына байланысты бюджеттік өтінімдер қарастырылмаған.

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы  21 қаңтардағы № 167-V Заңымен, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңының 24, 25 және 26-баптарына (бұдан әрі - Заң) түзетулер енгізіліп, облыстар, облыстық маңызы бар қалалар және аудандар әкімдіктердің құзыретінен МҚҚК құру және жүргізу бойынша функциялар алынып тасталды және белгіленген тәртіппен МҚҚК деректер базасына енгізу үшін ақпаратты және (немесе) мәліметтерді ұсыну бойынша функцияларға  ауыстырылды.

Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу бойынша қызметі Заңның    38-бабы 2-тармағына енгізілген өзгерістерге сәйкес ол мемлекеттік монополияға жатады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырды. 

 

хат жіберу