Блог статистикасы
195
Жазбалар
3154
Өтініштер
138215
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

"Мекен жай тіркелімі" ақпараттық жүйесі

Мекенжай тіркелімі қызметі тіркеушінің пайдаланушының нұсқауы

«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі


«Ақпараттандыру туралы» ҚР Заңы, 1-бабының 22-тармағы: «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі - мекенжайлар және олардың құрамдас бөліктері туралы мәліметтерді жасауға, жинақтау мен өңдеуге және Қазақстан Республикасының мекенжай алаңын біріздендіруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен». 
Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған «электрондық үкіметті» қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 8-тармағын іске асыру мақсатында облысымызда «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйенің (бұдан әрі – МТ АЖ) толықтырылуы жүргізілуде. 
МТ АЖ мемлекеттік билік және жерлігікті атқарушы органдарын әкімшілік-аумақтық бірліктер, олардық бөліктері туралы ақпаратпен, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жылжымайтын мүлік объектілерінің орналасқан орны туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін көзделген.
МТ АЖ есеп объектісі мекенжай болып табылады - ормандардан және көпжылдық көшеттерден, сондай-ақ желілік құрылыстардан, құбырлардан, темір жолдарынан, электр беру желілерінен және т.б. басқа, ол үшін белгіленген кадастрлық нөмірге сәйкес осы объектіні бір мәнді анықтайтын жергілікті жердегі (жер телімі, ғимарат, құрылыс) жылжымайтын объектінің орналасқан жері деректемелерінің құрылымдық сипаттамасы.
Мекенжайді беру және мекенжай тіркелімін құрудың бірыңғай тәртібін жүргізудің негізгі мақсаттары:
1) жаңа салынған, жаңартылған және пайдаланылатын жылжымайтын мүлік объектілерді, олардың әр түрлі пайдалану деңгейінде мекенжайлардың орталықтандырылған есебін қамтамасыз ету;
2) мекенжай тікелімінде тіркелген жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жерін сәйкестендіруді қамтамасыз ету;
3) объектілердің мекенжайлары туралы мәліметтерді ақпараттық қамтамасыз ету үшін негізін құру болып табылады.


«Мекенжай тіркелімі» АЖ пайдалануы:
нақты мекенжайы бар жылжымайтын мүлік объектілердің деректер қорын жүргізу;
әр түрлі ақпараттық жүйелерде мекенжай деректерін енгізу кезінде қайтарлау рәсімін жою;
нормативтік-анықтамалық ақпаратты қолданудың бекітілген регламенттің негізінде барлық қатысушылар үшін мекенжай деректерді жалпы стандартқа келтіруге мүмкіндік береді.

Атаулары жоқ көшелерге атау беру бойынша жұмыспен аудандар және қалалардың әкімдіктері және кенттер мен ауылдардың әкімдері жанындағы ономастика бойынша комиссиялар айналысады, олардың құзыретіне осы елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атауы мәселелерді шешеді.
Мекенжай деректерді МТ АЖ енгізу қалалар және аудандардың сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің мамандары айналысады. МТ АЖ жүргізу үшін қалалар және аудандардың әкімдіктеріне компьютерлік жабдықтар берілді. «ҒАТ» АҚ мамандары МТ АЖ жүргізу үшін компьтерлік техникаға бағдарламалық қызмет көрсету жүргізілуде, осы компьтерлерді техникалық ұстауды қалалар және аудандардың әкімдіктері өз бетімен жүргізеді. Сәулет және қала құрылысы, ішік саяса және тілдерді дамыту (ономаст-маман) бөлімдерінде МТ АЖ деректер қорымен жұмыс бойынша оқуды өткен жауапты қызметкерлер айқындалған. Келесі процедуралардың жүйесі жүзеге асырылады: мекенжайды және мекенжай элементтерді тіркеу; өзгерістерді тіркеу, мысалы мекенжай элементтерін қайта атау, жаңа мекенжай беру; мекенжайды немесе мекенжай элементтерін жоюды тіркеу; ақпаратты сақтау; мкенжай тіркелімімен ақпаратты ұсыну. 2010 жылы МТ АЖ 100 % толықтырылды, 2014-2015 жылдары деректер қоры басқа мемлекеттік дерек қорлармен ықпалдаланылған. 2016 жылы қалалар және аудандардың әкімдіктері бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес Жылжымайтын мүлік объектісінің тіркемілі МДҚ қорында бар атауларды растау бойынша жұмыстар жүргізілген.

2017 жылдың 1 cәуіріне дейінгі  «Мекенжай тіркелімі»  ақпараттық жүйесіне еңгізілген және өзектендірілген : 

- 794 әкімшілік-аумақтық бірлік 
- 8153 елді мекендердің құрамдас бөліктері
- 231911 жер учаскілері
- 226622 бастапқы объектілер
- 254638 кейінгі объектілер.

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы туралы мәселелер туындаған кезде – жаңа объектіге мекенжай беру, бұрын берілген мекенжайында қателіктер айқындалған кезде объектінің орналасқан жері бойынша сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне шағымдану қажет.

хат жіберу