Блог статистикасы
196
Жазбалар
2591
Өтініштер
112521
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Құрылысқа рұқсат алу туралы жадынама

1 қадам.  Құрылыс процесін бастауға дейін жер теліміне жерді пайдалану құқығын ұсыну туралы шешім алу қажет (жер теліміне құқық белгілеуші құжат).

 Шешім берудің мерзімі – 50 (елу) жұмыс күні.

Өтініш берудің тәсілі:

1) «Халыққа қызмет көрсету орталығы – акционерлік қоғамының коммерциялық емес филиалы «Қостанай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Департаментте.

2) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz. арқылы жүзеге асырылады.

2 қадам.  Құрылыс жобасын әзірлеу үшін қажетті бастапқы материалдарды алу (сәулет – жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) және инженерлік және коммуналдық қамсыздандыру көздеріне қосылу техникалық жағдайлар).

Берудің мерзімі – 6 (алты) жұмыс күні.

Өтініш берудің   тәсілі:

1)Қызмет берушінің кеңсесіне (облыстық немесе аудандық маңызы бар қала әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі)

2) ХҚКО-на;

3)«электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz. арқылы жүзеге асырылады.

3 қадам. Одан кейін нобай (нобайлық жоба). Келісудің мерзімі – 10 (он) жұмыс күні.

Өтініш қызмет берушінің кеңсесіне беріледі (қала немесе аудан әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі).

4 қадам. Құрылыс – монтаждау жұмыстарының өндірісі басталғанға дейін құрылыс – монтаждау жұмыстарының өндірісі туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органға (МСҚБ) хабарлау қажет. Хабарлама қағаз жеткізгіште тікелей МСҚБ лауазымды тұлғаға Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 112, каб 105 тел.54-15-95 мекенжайы бойынша беріледі. Хабарламаны қарау мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні.

5 қадам. Құрылыс процесі шарттарды жасасқан негізінде авторлық және техникалық қадағалаумен бақыланады.

6 қадам. Құрылыс аяқталғаннан кейін объектіні пайдалануға беру қажет.

Салынған объектiнi пайдалануға қабылдау мен берудi бекiтiлген жобаға сәйкес ол толық әзiр болған және сәйкестiк туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың бекiтiлген жобаға сәйкестiгi туралы қорытындылар болған кезде жүргiзедi («Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның, объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы №121 бұйрығына сәйкес).

7 қадам. Объектіні пайдалануға қабылдау актісі тапсырыс берушінің бұйрығымен бекітіледі.

8 қадам. Тапсырыс беруші объектіні пайдалануға қабылдау актісін бекіткен күннен, объектіні пайдалануға қабылдау бекітілген актісін, сәйкестік жөнінде декларацияны және орындалған құрылыс – монтаждау жұмыстарының сапасы туралы және олардың бекітілген жобамен сәйкестігі туралы қорытындыны үш жұмыс күн ішінде МСҚБ бағыттау міндетті.

9 қадам. Объектіні пайдалануға қабылдау актісі облыстық маңызы бар қала немесе аудан әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінде тіркеледі.

10 қадам. Жылжымайтын мүлікке құқық  әділет органдарда тіркеледі – 5 (бес) жұмыс күні. 

11 қадам. Бұдан әрі  объектінің мекенжайы беріледі – 3 (үш) жұмыс күні.

Өтініш берудің тәсілі:

1)  ХҚКО –на;

2) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz. арқылы жүзеге асырылады.

хат жіберу