Блог статистикасы
196
Жазбалар
2821
Өтініштер
134804
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қостанай облысының аумағында жоспарлау және құрылыс салу

Қостанай облысы елді мекендердің қала құрылысы құжаттамасын әзірлеудің қала құрылысы жоспарлаудың қорытындысы туралы»

Аумақтарды ұйымдастырушылық және оңтайлы игеру мақсатында заманауи қала құрылысы нормаларына сәйкес Қостанай облысында  сәулет және қала құрылысы басқармасымен облыстың елді мекендердің жаңа бас жоспарларды түзету және әзірлеу бойынша ұйымдастырушылық жұмыс жүзеге асыруда.

 2005 жылдан бастап 2016 жылға дейін Қостанай облысы елді мекендердің 24 қала құрылысы жобасы, оның ішінде 17 егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылы салу жобалары әзірленді.

 2014 жылы Арқалық, Жітіқара қалаларының және Қостанай ауданы Затобол кентінің бас жоспарлары жаңартылды.

 2016 жылы Қостанай облысы бойынша: аумақтың кеңейтуін ескере отырып орындалған Рудный қаласының бас жоспары бекітілді, оның негізінде Қостанай және Таран аудандарының жерлердің бөлігін Рудный облыстық маңызы бар қаланың шекарасына (сызығына) енгізу жолымен Рудный қаласының, Қостанай және Таран аудандарының әкімшілік шекаралары (сызықтар) белгіленді және өзгертілді.

Рудный қаласының бас жоспарын әзірлеудің қаржыландырудың жалпы көлемі 2013-2014 жылдары облыстық бюджеттің қаражаты есебінен 143,499 млн.теңгені құрды;

егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен бірлескен Қостанай ауданы Мичурин ауылының бас жоспары бекітілді, 10,440 млн.теңге игерілді, оның ішінде облыстық бюджетінен 2,0 млн.теңге.

Қала құрылысы жобалардың әзірлеуін реттеу мақсатында 2013-2020 жылдарға арналған 2012 жылы Қостанай облысының барлық елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу кестелері бекітілді, олар аудан және қалалар әкімдеріне орындау үшін жеткізілді.

Басқармаға жүктелген Кестеге сәйкес бас жоспарларды әзірлеуді ұйымдастыру мәселелер бойынша функцияларды жүзеге асыру кезінде облыстық бюджетінен қаржыландыру болмағандықтан бір қатар проблемалар пайда болады. Барлық елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу үшін үлкен қаражат керек.

Заманауи талаптарға жауап беретін облыстың қалаларын, аудандық орталықтарын және елді мекендерін қала құрылыс құжаттамамен қамтамасыз ету басқарманың басты міндеті болып табылады.

Қостанай облысының ауылдық елді мекендерді бас жоспарлармен қамтамасыз етуді талдау нәтижелері бойынша ең перспективалы он тоғыз (19) елді мекен айнықталды, онда барлық әкімшілік аудандық орталықтар енгізілді.

2016 жылғы тамызда облыстық мәслихаттың сессиясында облыстық бюджеттен бас жоспарлар жобаларын әзірлеуін қаржыландыру туралы шешім қабылданды:

Қостанай ауданының Заречное ауылы, Әулиекөл ауданының Әулиекөл, Аманқарағай ауылдары және Құсмұрын кенті.

Ағымдағы жылғы тамызда облыстық бюджеттен төрт бас жоспарларды әзірлеудің басына 8,0 млн.теңге көлемінде трансферттер бөлінді (әр қайсысына - 2,0 млн.теңгеден).

Қазіргі уақытта жобалаудың тапсырыс берушілері - Әулиекөл және Қостанай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімдері конкурстарды жүргізді, жобалуа жұмыстарының жеткізушілері анықталды, 2016 жылдан бастап 2017 жылға дейін әзірлеу кезеңіне шарттар жасалған. Қаржыландырудың жалпы көлемі 46,718 млн.теңге.2017 жылы облыстық бюджет қаражатынан 36,453 млн.теңге көлемінде Федоров ауданының Федоров ауылының бас жоспарының жобасын әзірлеу жоспарланған.

Қалалар және аудандарды құрылыс салу жобалармен және егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларымен жеткіліксіз қамтамасыз етудің проблемасы көпқабатты және жеке тұрғын үй құрылыстың қарқынын тоқтатады және жергілікті бюджетінде қаражаттың жеткіліксіздігімен шартталған.

Сонымен бірге, 2016 жылы Қостанай қаласының әкімдігімен осы бағытта кейбір қадамдар қабылданды. 2017 жылға арналған «Қонай» егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу үшін /2 кезек/ 76,743 млн.теңге сомасына қаражатты бөлу қажеттілігі туралы бюджеттік өтінім жіберілді, жеке тұрғын үй құрылысы үшін 800 га. Осы сұрау салу мәслихаттың кезекті сессиясына дайындалған бюджеттік өтінімде басқармамен көрсетілген.

Ағымдағы жылғы көп қабатты және жеке тұрғын үйлердің кешенді құрылыс салуына арналған 100 га көлемі «Береке» шағын ауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының әзірлеуі басталды. Жобаның тапсырыс беруші Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі болып табылады. Жергілікті бюджетімен 22,481 млн.теңге көлемінде қаражат көзделді.

Облыстық басқарманың құзыретіне облыстың аумағын қала құрылысы жоспарлаудың кешенді схемасын әзірлеуін ұйымдастыру жатады, оны аяқтау мерзімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес 2019 жылға белгіленді.

Осы жобаны әзірлеудің нормативтік ұзақтығы 24 айды құрайтыны ескере отырып, екі жылға: 2017 және 2018 жылы 175,0 млн.теңгеден 350,0 млн.теңге көлемінде қаражатты бөлу туралы бюджеттік өтінім әзірленді.

хат жіберу