Блог статистикасы
196
Жазбалар
2821
Өтініштер
134804
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Құрылысқа рұқсат беру рәсімін жеңілдету мәселелері жөнінде

Құрылысқа рұқсат беру рәсімін жеңілдету мәселелері жөнінде түсініктеме

Құрылысқа рұқсат беруді жеңілдету мақсатында қолданыстағы заңнамаға түзетулерді енгізу бойынша шаралар жүргізілді. Осындай түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген.
Қабылданған іс-шаралардың нәтижесі мыналар болып табылады:
лицензияланатын түрлері қысқартылды, лицензияларды санатқа бөлу қағидаты енгізілді және бірқатар рұқсат беру рәсімдері алынып тасталды;
тапсырысшыға жеке меншік немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскесін құрылыс салуға пайдалануға рұқсат беру туралы талап алынып тасталды; 
қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссиясының барлық мүшелерi қол қойғаннан кейін объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiн бекіту рәсімі алынып тасталды;   
мемлекеттік қабылдау комиссиясы объектілерді қабылдаған кезде жұмыс комиссиясының қажеттілігі алынып тасталады; 
жеке меншік техникалық қадағалау болған кезде техникалық қадағалау жүргізу үшін сырттан ұйымдарды тарту міндеті алынып тасталады; 
лицензиаттардың біліктілік талаптарға сәйкестігін растау рәсімі алынып тасталады; 
мемлекеттік емес сараптама орталықтарын аккредиттеу және сарапшыларды аттестациялау алынып тасталады;
құрылыс саласында лицензияланатын қызметтің 2, түрі, 11 кіші түрі және кіші түрінің 23 кіші түрі алынып тасталды;
меншік иесі құрылысы аяқталған, техникалық жағынан күрделі емес объектілерді, атап айтқанда: 
«а) тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, сондай-ақ үй-жайлардың функционалдық мақсатын өзгертпей қолданыстағы үйлердегі үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды); 
«б) жеке тұрғын үйлерді, сондай-ақ азаматтардың жеке пайдалануына арналған басқа да құрылыстарды салуды пайдалануға енгізу рәсімі жеңілдетілген. 
Осы түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 15 шілдедегі Заңымен мыналар көзделген:
құрылыс саласында лицензияланатын жұмыстың 2 кіші түрін және кіші түрінің 28 кіші түрін қысқарту;
құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін рұқсат беру рәсімін хабарлама тәртібіне көшіру;
жоспарлы тексерулердің мерзімділігін тоқсанына, жартыжылда бір реттен жартыжылда, жылына және үш жылды бір ретке дейін қысқарту.

Дәйексөздің негізі: ҚР ҚТҮКША сайты (http://www.ads.gov.kz)

хат жіберу