Блог статистикасы
196
Жазбалар
2821
Өтініштер
134804
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Тұрғын үй құрылысы

Қостанай облысында тұрғын үй құрылысының  дамуы туралы статистикалық ақпарат

2014 жылғы қаңтар-желтоқсанның Қостана облысы қалалар мен аудандарында барлық қаржыландыру көздері бойынша тұрғын үйлерінің жалпы көлемдерін пайдалануға енгізу жөніндегі тапсырманың орындалуы (статистиканың мәліметтері бойынша)

2013 жылғы қаңтар-желтоқсанның Қостанай облысы қалалар мен аудандарында барлық қаржыландыру көздері бойынша тұрғын үйлерінің жалпы көлемдерін пайдалануға енгізу жөніндегі тапсырманың орындалуы (статистиканың мәліметтері бойынша)

2012 жылғы қаңтар-желтоқсанның Қостанай облысы қалалар мен аудандарында барлық қаржыландыру көздері бойынша тұрғын үйлерінің жалпы көлемдерін пайдалануға енгізу жөніндегі тапсырманың орындалуы (статистиканың мәліметтері бойынша)


Наурыз


 

2017 жылғы қаңтар-ақпан облыс бойынша орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 3 905 млн. теңгені құрды, 2016 жылғы сәйкес деңгейіне құрылыс жұмыстар көлемінің ФКИ – 120,7 % құрды.

Сонымен қатар, құрылыс жұмыстар көлемінің төмендетілуі Денисов ауданында 26,0 % (-108 млн.теңге), Жітіқара ауданында 77,7 % (-12 млн.теңге), Қарабалық ауданында 27,5 % (-161 млн.теңге), Сарыкөл ауданында 62,3% (-36 млн.теңге), Федоров ауданында 83,7% (-1 млн.теңге) белгіленді.

2017 жылдың екі айында облыстың тұрғын үй құрылысына инвестициялар 3 650 млн.теңгені немесе 2016 жылдың қаңтарына 94,4 % құрды.

2017 жылға тұрғын үйді пайдалануға енгізу жоспарымен - 210,0 мың ш.м., ағымдағы жылғы қаңтар-ақпанда қаржыландырудың барлық көздері бойынша 52,1 мың ш.м. немесе 2016 жылғы қаңтар-ақпанның деңгейіне 109,8 % құрды.

2017 жылғы 1 наурызына қарай пайдалануға 443 пәтер енгізілді, ол өткен жылдан 50 пәтерге көбірек. Оның ішінде: 48 – ҚТҮҚЖБ желісі бойынша ЖАО облигациялары арқылы кредиттік пәтерлер; 144 – «Бәйтерек Девелопмент» АҚ желісі бойынша кредиттік пәтерлер; 107 - коммерциялық пәтерлер; 144 – жеке тұрғын үйлер берілген.

Пайдалануға енгізілген тұрғын үйлерінің ең үлкен көлемі Қостанай қаласында (61 %), Рудный қаласында (16 %) және Қостанай ауданында (15%), олардың үлесі 92 % құрды.

2017 жылғы қаңтар-ақпанның қорытындысы бойынша облыс бойынша тұрғын ғимараттың жалпы көлемінің 1 ш.м. орта шын құны 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1 % көбейді және 94,4 мың теңгені құрды. Ең үлкен баға Федоров ауданында – 130,6 мың теңге және Қостанай қ. - 111,9 мың теңге қалыптасқан.

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй қорын құру.

2017 жылы жалға берілетін тұрғын үйдің 11,7 мың ш.м. пайдалануға енгізілуі жоспарланған.

2017 жылғы қаңтарда Рудный қаласында Восточная к. бойынша (1-2) жалпы көлемі 8,6 мың ш.м. екі 60-пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы бойынша мердігерлер айқындалды (мердігер «Соколоврудстрой» ЖШС). Объектілерді пайдалануға енгізу мерзімі шартқа сәйкес - 31.07.2017 жыл.

Бұдан басқа, 2017 жылы Қостанай ауданының Заречное а. Севреный ш.а. 27-пәтерлі және 18-пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы және аяқталуы жоспарланған. Тұрғын үйлердің жалпы көлемі 3,1 мың ш.м.. 04.03.2017 жылы ҚМЖ конкурс жарияланған, ашылуы - 21.03.2017 жылы.

Тұрғын үй құрылыс жинақтар жүйесі арқылы ЖАО облигациялары арқылы кредиттік тұрғын үйлердің құрылысы.

Ағымдағы жылы Қостанай қаласында және Қостанай ауданында жалпы көлемі 34,4 мың ш.м. 480 пәтерге арналған Қостанай қаласында «7 тұрғын үй) және Қостанай ауданында (1 тұрғын үй) 8 кредиттік тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда.

А.ж. қаңтарда Қостанай ауданының Заречное а. Северный ш.а. 48-пәтерлі тұрғын үй пайдалануға енгізілді. Оның жалпы көлемі 3,01 мың ш.м. (мердігер «Ұлан» ЖШС).

Жылдың аяғына дейін Қостанай қаласында 432 пәтерге арналған жалпы көлемі 31,3 мың ш.м. 7 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау және беру жоспарлануда:

1. Герцен, 26/2 к. бойынша 60-пәтерлі тұрғын үй (мердігер «РСУ 2008» ЖШС);

2. 2 Совхозная, 2Б к. бойынша 75-пәтерлі тұрғын үй (мердігер «ВАКХ» ЖШС);

3. Майлин, 19/1 к. бойынша 45-пәтерлі тұрғын үй (мердігер «Мега» ЖШС);

4. 9 ш.а. 72-пәтерлі тұрғын үй (мердігер «АФ Ирина и К» ЖШС);

5. Әуежай ш.а. №22 36-пәтерлі тұрғын үй (мердігер «РСУ «Сәулет»);

6. Әуежай ш.а. , 35 36-пәтерлі тұрғын үй (мердігер «РСУ «Сәулет»);

7. Әуежай ш.а. № 36-37-38 108-пәтерлі тұрғын үй (мердігер «РСУ «Сәулет»).

«Бәйтерек девелопмент» АҚ кредиттік тұрғын үйдің құрылысы.

2016 жылы Қостанай қаласында Әуежай ш.а. «Бәйтерек девелопмент» АҚ кредиттік тұрғын үйдің құрылысы бойынша 7 объектінің құрылысы басталды, аяқталуы ағымдағы жылы. Олардың жалпы көлемі 45,8 мың ш.м. құрайды, жапы көлемі 630 пәтер.

2017 жылғы қаңтарда өтініш берген 7-тінің ішінен жапсарлас-жалғастыра салынған коммерциялық жайлары бар, жалпы көлемі 11,4 мың ш.м. (144 пәтер) төрт тоғыз қабатты 36-пәтерлі тұрғын үй.

Жылдың аяғына дейін 6 тұрғын үйдің құрылысын аяқталуы жоспарлануда:

1. БЖ бойынша 54-пәтерлі № 6 тұрғын үй (мердігер «Ремстроцмонтаж 2008» ЖШС);

2. БЖ бойынша 108-пәтерлі № 7, 8 тұрғын үй (мердігер «Ремстроцмонтаж 2008» ЖШС);

3. БЖ бойынша 108-пәтерлі № 9, 10 тұрғын үй (мердігер «Ремстроцмонтаж 2008» ЖШС);

4. БЖ бойынша 54-пәтерлі № 11 тұрғын үй (мердігер «Ремстроцмонтаж 2008» ЖШС);

5. БЖ бойынша 54-пәтерлі № 12 тұрғын үй (мердігер «Ремстроцмонтаж 2008» ЖШС);

6. Уральская к. бойынша № 17, 18, 19, 20, 21 5 блок-секциялардан екі кезектің құрылысы (мердігер «Ар Райан» ЖШС).

Коммерциялық және жеке тұрғын үйдің құрылысы.

2017 жылы коммерциялық және жеке құрылыс салушылар арқылы тұрғын үйдің 115 мың ш.м. пайдалануға енгізу жоспарлануда.

А.ж. қаңтар-ақпанда коммерциялық және жеке құрылыс салушылар арқылы тұрғын үйдің 37,6 мың ш.м. пайдалануға енгізілді, ол облыс бойынша жалпы пайдалануға енгізілген тұрғын үйдің көлемінен 72 % құрайды. Оның ішінде: тұрғын үйдің 9,8 мың ш.м. (107 пәтер) – коммерциялық құрылыс салушылармен енгізілген; 27,8 мың ш.м. – ЖТҮҚ (144 тұрғын үй).

ЖТҮҚ үшін жер учаскелерді бөлу.

2005 жылдан бастап Қостанай облысында жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерді бөлу үшін 27 901 арыз түсті, 10 419 учаске берілді. 01.03.2017 жылына қарай жер учаскелерге кезектілік 17 482 құрайды (қамтамасыз ету – 37,3%).

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерге ең үлкен талап етушілік Қостанай, Рудный қалаларында және Қостанай ауданында белгіленді. Олардың үлесі берілген арыздардың көлемінен 97 % құрды.

2017 жылғықаңтар-ақпанда ЖТҮҚ жер учаскелерді бөлуге 244 арыз берілді, 7 учаске бөлінді.

Жер телімдерді ұсыну туралы азаматтардың өтініштері жергілікті атқарушы органдармен ЖТҮҚ үшін бөлу үшін алаңшалардың дайындығына қарап немесе бос аумақтардың бар болған кезде қанағаттандырылады. ЖТҮҚ үшін жер телімдерді ұсыну су- және электрмен жабдықтау желілермен қамтамасыз етілген алаңшаларда рұқсат етіледі. Орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған елді мекендерде осындай жер телімдерді ұсыну электрмен жабдықтау желілер бар болғанда ғана рұқсат етіледі.

Қостанай облысында 2016 жылғы тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі ақпарат

2016 жылы қаржыландырудың барлық көздері бойынша тұрғын үйдің 194,7 мың ш.м. немесе жылдық жоспарынан 105,3 % (185,0 мың ш.м.) пайдалануға енгізілді.

2017 жылғы 1 қаңтарына қарай 1678 пәтер пайдалануға енгізілді; оның ішінде: 142 - кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін тұрғын үйлер; 108 - ҚТҮҚЖБ желісі бойынша кредиттік пәтерлер; 48 - «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ЖАО облигациялары арқылы кредиттік пәтерлер; 724 - коммерциялық пәтерлер; 656 - жеке тұрғын үйлер.

Пайдалануға енгізілген тұрғын үйлерінің ең үлкен көлемі Қостанай қаласында (66 %), Рудный қаласында (11 %) және Қостанай ауданында (13%), олардың үлесі 90 % құрды.

Кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы.

2016 жылғы қаңтарда Қостанай қаласында Мирошниченко к. бойынша №19 мектебінің ауданында жалпы көлемі 5,8 мың ш.м. ауыспалы объект – 72 пәтерлі кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін тұрғын үй пайдалануға енгізілді (мердігер «Сарбайское СМУ» ЖШС).

Ағымдағы жылғы қыркүйекте Қостанай қаласында Чкалов, 4,1 к. Маяковский қиылысы бойынша, № 2,2/1,4 тұрғын үйлердің ауданы жалпы көлемі 5,2 мың ш.м. 70-пәтерлі жалға берілетін тұрғын үй пайдалануға енгізілді (мердігер «Сыл» ЖШС).

Тұрғын үй құрылыс жинақтар жүйесі арқылы тұрғындардың барлық санаттарына арналған кредиттік тұрғын үйлердің құрылысы.

2016 жылғы наурызда республикалық бюджетінің несие қаражатының есебінен өткен жылдан ауыспалы объект - № 3  мектебінің ауданындағы 108 пәтерге арналған блок-секция «В» пайдалануға енгізілген. Тұрғын үйдің жалпы көлемі 10,3 мың ш.м. (мердігер «Ерлан» Компаниясы» ЖШС).

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй құрылысы.

Бағдарламаның шеңберінде 2016 жылы Қостанай қаласында (7) және Қостанай ауданында (2) 9 тұрғын үйдің құрылысы басталған.

ЖАО облигациялары арқылы кредиттік тұрғын үйлер бағыты бойынша 2016 жылғы желтоқсанда БЖ бойынша жалпы көлемі 3,1 мың ш.м. 48-пәтерлі № 6 тұрғын үй пайдалануға енгізілді.

Бұдан басқа, «Бәйтерек Девелопмент» АҚ жалға берілетін тұрғын үйлер бағыты бойынша құрылыс салушы «БК-Строй» ЖШС қыркүйекте және қарашада «Алтын Арман» шағын ауданында Гагарин к. бойынша № 15 және №17 екі көп пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға енгізді (тұрғын үйлердің жалпы көлемі 9,7 мың ш.м., пәтерлердің жалпы көлемі 5,8 мың ш.м., 155 пәтер).

2016 жылы «Бәйтерек Девелопмент» АҚ кредиттік тұрғын үйлер бағыты бойынша Әуежай шағын ауданында (құрылыс салушылар «Ремстроймонтаж-2008» ЖШС, «Ар-Райан» ЖШС, «Ирина и К» ЖШС) тұрғын үйлердің жалпы көлемі 46,0 мың ш.м. 630 пәтерге арналған 7 тұрғын үйдің құрылысы басталды, құрылыс 2017 жылы аяқталады.

Коммерциялық және жеке тұрғын үйдің құрылысы.

Пайдалануға енгізілген тұрғын үйдің жалпы көлемінде коммерциялық және жеке тұрғын үй 88 % құрайды. 2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыста жеке меншік есебінен тұрғын үйдің 170,4 мың ш.м. пайдалануға енгізілген. Оның ішінде: 55,9 мың ш.м. – коммерциялық құрылыс салушылар есебінен, ол салынған тұрғын үйдің жалпы көлемінен 29 % құрды (724 пәтер); 114,6 мың ш.м. – тұрғындар есебінен, ол жалпы көлемінен 59 % құрды (656 тұрғын үй).

ЖТҮҚ үшін жер учаскелерді бөлу.

Қазақстан Республикасында норманың әрекет ету кезеңінде 2005 жылдан бастап Қостанай облысында жеке тұрғын үйлердің құрылысына жер телімдерді  алу үшін  27 657 арыз түсті, 10 412 учаске берілді. 2017 жылғы 1 қаңтарға қарай жер телімдеріне кезектілік 17 245 құрайды (қамтамасыз ету – 38%).

Жеке тұрғын үйлердің құрылысына жер телімдерді бөлуге арыздардың ең көбісі Қостанай, Рудный қалаларында және Қостанай ауданында берілген. Олардың үлесі берілген арыздардың көлемінен 93,5 % құрды.

2016 жылы ЖТҮҚ жер телімдерді бөлуге 3100 арыз берілді, 338 телім бөлінді.

хат жіберу