Блог статистикасы
195
Жазбалар
3169
Өтініштер
139016
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар


«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында Елбасымыз сыбайлас жемқорлық – тек құқық бұзушылық емес екендігін ерекше атап өтті. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді төмендетеді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бірден күшейту қажет. Мемлекет басшысының бұл стратегиялық ұстанымы бұлжытпай орындауды талап етеді.

КӘСІПКЕРДІҢ ЖАДЫНАМАСЫ «Сізге тексеру келсе, Сіз білуіңыз қажет…»" 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен Кеңес беру орталығы құрылған. Оның негізгі міндеті мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, халыққа құқықтық жәрдем көрсету және азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Осы міндетті іске асыру шеңберінде Орталықтың жұмыскерлері тәулік бойы 1424 нөмірі арқылы халыққа заңнамалардың нормаларын және мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну тәртібін түсіндіреді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністері бойынша азаматтардың өтініштерін (оның ішінде иесі бүркемеленген өтініштерді) қабылдайды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің кезекшісі 8 (7142) 914-222 телефон нөмірі арқылы (кезекші бөлім) тұрақты түрде халыққа сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес береді. 

Байланыс:Call-center: 1424 (қоңырау шалу тегін)

Ақпараттық портал: 1424.kz 

Ресми сайт: www.anticorruption.gov.kz 

Департамент мекен-жайы: Костанай қаласы, Гашек көшесі 4. 

Тел.: 8 (7142) 914-222   



«Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-де (бұдан әрі – Басқарма) 2013-2016 жылдарында келесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар өткізілген:


2016 жыл  

Сыбайлас жемқорлықты алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою мақсатында Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасында сағат  9-00-ден 18-00-ге дейін 575-412 сенім телефоны жұмыс істейді, келушілерге қолайлы жерде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияға арналған өтініштер үшін жәшік орналасқан.

Мемлекеттік орган қызметінің айқындығын қамтамасыз ету үшін Басқарманың сайтында сенім телефоны, қабылдау кестесі, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне шолу және тағы да басқа ақпарат орналастырылған. Сондай-ақ, сайтта заңды және жеке тұлғаларды хабардар ету мақсатында сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілер жарияланған.

Жедел әрекеттесу және облыс тұрғындармен интерактивтік өзара байланысты белгілеу мақсатында сайтта «Сұрақ-жауап» айдары әрекет етуде.
Интернет-аудиториямен тікелей қарым-қатынас мүмкіндігін іске асыру мақсатында Басқарма басшысының блогы жергілікті атқарушы органдар басшыларының бірыңғай блог-платформасында (blogs.kostanay.gov.kz) ашылған. Блокта байланыс ақпарат, жеке және заңды тұлғаларды қабылдау тәртібі, өмірбаяны, тұрғындардың сұрақтарына жауаптар орналастырылған.

2016 жылғы қаңтардан бастап желтоқсанға дейін Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлықтың көрініс фактілері туралы жағымсыз материалдар БАҚ-та жарияланған жоқ және мемлекеттік қызметшілерге қатысты келеңсіз фактілері туралы тұрғындардан арыздар түскен жоқ.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) талаптарына сәйкес өз өкілеттіктерді жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу мақсатында Басқарманың мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдады.

Заңның 7,8-баптарына сәйкес Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың нәтижелері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен әзірленген Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік секторының субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жөніндегі әдістемелік ұсыныстардың 12-т. сәйкес Басқармамен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың нәтижелері бойынша талдамалық анықтамасы  Облыс әкімінің аппаратына жіберілген (11.07.2016 жылғы шығ. № 05-1-20/602 ), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 15-т. сәйкес Басқарманың Интернет-ресурсында («Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау» оң жағындағы мәзірі) орналастырылған.

Мемлекеттік сатып алу конкурстар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.


2015 жыл
Қазіргі заңнаманы бұзуын алдын ала тоқтату, сақтандыру мақсатында Басқармада 9-00 дан 18-00 дейін 575-412 сенім телефоны жұмыс істейді, азаматтарға ынғайлы жерде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияға арналған өтініштер үшін жәшік орналасқан.
Мемлекеттік орган қызметінің айқындығын қамтамасыз ету үшін Басқарманың сайтында сенім телефоны, азаматтарды қабылдау кестесі, азаматтардың өтініштеріне шолу және тағы да басқа ақпарат орналастырылған. Сонымен қатар сайтта заңды және жеке тұлғаларды хабарландыру мақсатында сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы мәлеселер жөнінде нормативтік-құқықтық актілер жарияланған.
Азаматтарға заң кеңестер беру және облыс халқымен интерактивтік өзара байланысты белгілеу үшін сайтта «Сұрақ-жауап» айдары жұмыс істелуде.
Мемлекеттік органдар басшыларының Интернет-аудиториямен тікелей қарым-қатынас мүмкіндігін іске асыру мақсатында Қостанай облысының әкімдігімен жергілікті атқарушы органдар басшыларының бірыңғай блог-платформасы (blogs.kostanay.gov.kz) ашылған. Басқарманың бастығы блогында байланыс ақпарат, азаматтарды қабылдау кестесі, өмірбаяны орналасқан.



2014 жыл
Мемлекеттік органдар басшыларының Интернет-аудиториямен тікелей қарым-қатынас мүмкіндігін іске асыру мақсатында Қостанай облысының әкімдігімен жергілікті атқарушы органдар басшыларының бірыңғай блог-платформасы (blogs.kostanay.gov.kz) ашылған. Басқарманың бастығы блогында байланыс ақпарат, азаматтарды қабылдау кестесі, өмірбаяны орналасқан.
Мемлекеттік сатып алу және бос лауазымдарға орналасуға конкурстар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уақытылы жүргізіледі.
Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлықтың көрініс фактілері туралы жағымсыз материалдар БАҚ-нда жарияланған жоқ және мемлекеттік қызметшілерге қатысты келеңсіз фактілері туралы тұрғындардан арыздар түскен жоқ.



2013 жыл
31 қаңтарда «Костанайкие новости» газетінің редакциясында газет оқырмандарының «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» Мемлекеттік бағдарламасы», жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі сұрақтарына Қостанай облысының бас сәулетші жауап берді. «Костанайские новости» газеті 6 ақпанда жедел желіде жиі кездескен және қызықты мәселелерді жарияланды.
2013 жылғы Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлықтың көрініс фактілері туралы жағымсыз материалдар БАҚ-нда жарияланған жоқ және мемлекеттік қызметшілерге қатысты келеңсіз фактілері туралы тұрғындардан арыздар түскен жоқ.
Мемлекеттік сатып алу және бос лауазымдарға орналасуға конкурстар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уақытылы жүргізіледі.
Басқарманың барлық қызметкерлермен өздерiнiң мәртебесiн және соған негiзделген беделiн жеке, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға әкеп соғуы мүмкiн iс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында шектеулердi қабылдады. 





хат жіберу