Блог статистикасы
195
Жазбалар
3544
Өтініштер
150217
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Жасыл экономика

Жасыл экономика - болашақтың экономикасы!


«Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығы
«Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 750 қаулысы
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 823 Жарлығы

Ел алдында тұрған «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі басым міндеттер:
1) ресурстарды (су, жер, биологиялық және басқа) пайдалану мен оларды басқару тиімділігін арттыру;
2) қолда бар инфрақұрылымды жаңғыртып, жаңаларын салу;
3) қоршаған ортаға қысымды жұмсартудың рентабельдік жолы арқылы халықтың әл-ауқаты мен қоршаған ортаның сапасын арттыру;
4) ұлттық қауіпсіздікті, соның ішінде су қауіпсіздігін арттыру болып табылады.
Осыған байланысты «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдама үш кезеңмен іске асырылады:
2013-2020 жж. – осы кезеңде мемлекеттің негізгі басымдығы ресурстарды пайдалануды оңтайландыру және табиғат қорғау қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ «жасыл» инфрақұрылымды құру болады;
2020-2030 жж. – қалыптасқан «жасыл» инфрақұрылым базасында суды ұқыпты пайдалануға, жаңартылатын энергетика технологияларын дамытуды көтермелеп, ынталандыруға және оны кеңінен пайдалануға, сондай-ақ құрылыстарды энергия тиімділігінің жоғары стандарттарының базасында салуға бағдарланған ұлттық экономиканы жаңарту басталады;
2030-2050 жж. – ұлттық экономиканың табиғи ресурстардың жаңартылуы мен орнықтылығы қағидаттарында пайдалануды талап ететін «үшінші өнеркәсіптік төңкеріс» деп аталатын қағидаттарға көшуі.

Қостанай облысының жасыл экономикасы 


Бүгінгі күні қайта жаңартылып жатқан энергия көздерін пайдаланып, энергетиканы дамытуға айрықша назар аударылуда.
Қостанай облысы жалпы алғанда жақсы жел әлеуетіне ие. БҰҰ дамыту бағдарламасының мамандары біздің облысымыздың жел әлеуетін бағалау жөнінде зерттеу жұмысын өткізді. 
Осыған байланысты, жел электр стансасының құрылысына Арқалық қаласында жоғары жел жүктемелері аймағында орналасқан алаң таңдалды, бұл электр энергиясын үлкен ауқымда өндіру үшін жел энергетикасын пайдалану мүмкіндігін береді.
Арқалық қаласында жалпы қуаттылығы 48 МВт жел электр стансасының құрылысы жоспарланып отыр. «Synergy Astana» ЖШС 20.02.2012 жылғы №0311-ПП-Т.1 техникалық-экономикалық негіздеме әзірледі, ол 24.04.2012 жылғы №01-48/12 мемлекеттік сараптамадан өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологияларлар министрлігі электр энергиясы тарифін бекітуге ТЭН келістірді.
Облыс әкімдігі қайта жаңартылатын энергияны пайдалану жөніндегі жобаларды іске асыруға шетел инвестицияларын тарту жөнінде жұмыс жүргізуде.

хат жіберу