Блог статистикасы
196
Жазбалар
2597
Өтініштер
113263
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Құрылыс индустрия кәсіпорындарының назарына

Құрылыс индустриясы кәсіпорындар басшыларының мәліметтеріне

Қорған облысының құрылыс, мемлекеттік сараптама және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаменті Қазақстан Республикасымен Ынтымақтастық туралы келісімін іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының жетекші құрылыс кәсіпорындарды Қорған қаласында 26 – 28 сәур аралығында өтетін XII «Қорған 2017. Құрылыс. Энергетика. ТҮҚШ. Газбен жабдықтау» өңіраралық мамандырылған көрмесінің жұмысына қатысуға шақырады.

Осы көрмеде құрылыс материалдарды өндіруге арналған технологиялар және құрал-жабдықтар, энергияны үнемдеудің автономиялық жүйелер, жаңа әзірлеулер, энергияны және ресурсты жинақтау технологиялар және есеп құралдар, жобалар мен қызметтер, баспа басылымдар және басқалары көрсетіледі.

Толық ақпаратты:

- «СИБЭКСПОСЕРВИС-Н» ООО, Новосибирск қ., тел/факс (383) 335-63-50 арқылы, ses@avmail.ru, http://www.ses.net.ru электрондық мекенжайлар бойынша алуға болады;

- Қорған облысының Құрылыс, мемсараптама және ТҮҚШ департаментінің құрылыс басқармасы, (3522) 49-89-20.


Құрылысқа рұқсат алу бойынша жадынама

1 қадам.  Құрылыс процесін бастауға дейін жер теліміне жерді пайдалану құқығын ұсыну туралы шешім алу қажет (жер теліміне құқық белгілеуші құжат).

 Шешім берудің мерзімі – 50 (елу) жұмыс күні.

Өтініш берудің тәсілі:

1) «Халыққа қызмет көрсету орталығы – акционерлік қоғамының коммерциялық емес филиалы «Қостанай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Департаментте.

2) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz. арқылы жүзеге асырылады.

2 қадам.  Құрылыс жобасын әзірлеу үшін қажетті бастапқы материалдарды алу (сәулет – жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) және инженерлік және коммуналдық қамсыздандыру көздеріне қосылу техникалық жағдайлар).

Берудің мерзімі – 6 (алты) жұмыс күні.

Өтініш берудің   тәсілі:

1)Қызмет берушінің кеңсесіне (облыстық немесе аудандық маңызы бар қала әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі)

2) ХҚКО-на;

3)«электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz. арқылы жүзеге асырылады.

3 қадам. Одан кейін нобай (нобайлық жоба). Келісудің мерзімі – 10 (он) жұмыс күні.

Өтініш қызмет берушінің кеңсесіне беріледі (қала немесе аудан әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі).

4 қадам. Құрылыс – монтаждау жұмыстарының өндірісі басталғанға дейін құрылыс – монтаждау жұмыстарының өндірісі туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органға (МСҚБ) хабарлау қажет. Хабарлама қағаз жеткізгіште тікелей МСҚБ лауазымды тұлғаға Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 112, каб 105 тел.54-15-95 мекенжайы бойынша беріледі. Хабарламаны қарау мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні.

5 қадам. Құрылыс процесі шарттарды жасасқан негізінде авторлық және техникалық қадағалаумен бақыланады.

6 қадам. Құрылыс аяқталғаннан кейін объектіні пайдалануға беру қажет.

Салынған объектiнi пайдалануға қабылдау мен берудi бекiтiлген жобаға сәйкес ол толық әзiр болған және сәйкестiк туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың бекiтiлген жобаға сәйкестiгi туралы қорытындылар болған кезде жүргiзедi («Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның, объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы №121 бұйрығына сәйкес).

7 қадам. Объектіні пайдалануға қабылдау актісі тапсырыс берушінің бұйрығымен бекітіледі.

8 қадам. Тапсырыс беруші объектіні пайдалануға қабылдау актісін бекіткен күннен, объектіні пайдалануға қабылдау бекітілген актісін, сәйкестік жөнінде декларацияны және орындалған құрылыс – монтаждау жұмыстарының сапасы туралы және олардың бекітілген жобамен сәйкестігі туралы қорытындыны үш жұмыс күн ішінде МСҚБ бағыттау міндетті.

9 қадам. Объектіні пайдалануға қабылдау актісі облыстық маңызы бар қала немесе аудан әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінде тіркеледі.

10 қадам. Жылжымайтын мүлікке құқық  әділет органдарда тіркеледі – 5 (бес) жұмыс күні. 

11 қадам. Бұдан әрі  объектінің мекенжайы беріледі – 3 (үш) жұмыс күні.

Өтініш берудің тәсілі:

1)  ХҚКО –на;

2) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz. арқылы жүзеге асырылады.


Құрылыс материалдарды өндірушілерден жаңалықтар

«Экостройресурс» фирмасы Орал кен орнының табиғи тастас жасалған өнімінің өндірушісі болып табылады: Мансур граниті, Ташмурун граниті және Семибрат кварциті.
Фирма граниттен және кварциттен жасалған келесі өнімді шығарады және сатады:
тас төсеуіш, тас төселген тақта, қапталған тас, ернеу тас әшекей,   галтанған малта тас.
«Экостройресурс» ЖШС байналыс телефондары 8 (347-91) 6-85-55, электрондық мекенжай: info@esresurs.ruinfo@esresurs.ru.
Толық ақпаратты www.esresurs.ru сайтында алуға болады.  

  

Құрылыс материалдарды өндірушілерден жаңалықтар


Қазақстандық мазмұнын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың және отандық тауар өндірушілерді қолдау шеңберінде «AS BEREKE» ЖШС өнімін «Симпролит система» инновациялық энергияны сақтау материалды қолдану мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз.
«Симпролит системаны» қолдану қабырғалардың жеңілдігі, қолдану қарапайымдылығы және тасылмалдаудың ыңғайлылығы, пайдалы ауқымының 1 ш.м. құнын төмендету (30%) арқылы дайын ғимараттың бір шаршы метрдің құнын арзандатады.
Мүдделі тұлғаларға толығырақ ақпаратты 
http://www.simprolit.ru/  сайтында 
8 (7172) 288-788, 8 (777) 870-15-15 телефондар бойынша
e-mail: simprolit.kz@mail.rusimprolit.kz@mail.ru электрондық мекенжайында алуға болады.



Құрылыс материалдарды өндірушілерден жаңалықтар


«Петралюкс ГмбХ» компаниясы қасбетке, қабырғаларды және едендерді (ішкі және сыртқы) әрлеу үшін қыш граниттің өндірісі бойынша өнімін қолдану мүмкіндігін қарастыруды ұсынады, өндіріс GresDream жаңа технологиясы бойынша негізделген.
Компанияның Тапсырыс берушілермен көрсетілген әрлендірулер бойынша қасбеттік тақталарды өндіруге мүмкіндігі бар. Компанияның өнімі көлемі (1200х2400 мм дейін) және қалындығымен (6-26 мм бастап) ерекшелінеді. Өнім термиялық, механикалық әсеріне берілмейді, климаттық жағдайларға тиянақты.
Толығырақ ақпаратты http://petraluxe.de сайтында алуға болады.





 

хат жіберу