Блог статистикасы
196
Жазбалар
2597
Өтініштер
113262
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қымбатты ардагерлер! Құрметті қостанайлықтар!

Жыл сайын 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін ерекше құрметпен атап өтеміз. 
Зұлмат соғыс мыңдаған адамның өмірін жалмап, адамзат тарихында өшпес із болып қалды. Біздің әкелеріміз бен аталарымыз фашизммен күрес жолында қаһармандық танытып, келешектің кемел, жарқын болуы үшін қан төкті. Сол кездегі халықтың майдандағы және еңбектегі ерліктері біздің жадымызда мәңгі сақталады. Бүгінгі күні біздің мыңдаған отандастарымыздың ерлігі арқасында біз бейбіт еңбек етіп, болашаққа жоспар құрудамыз, өзіміздің балаларымызды тәрбиелеудеміз. 
Биылғы жылы Отан қорғаушы күнін мерекелеумен бірге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығын атап өтеміз. Бұл да егемен еліміздің тарихында айшықты белес. Қазіргі қоғам, қазақстандық жастар ата буын өкілдері бастап кеткен істі жалғастырып, тұрақты әрі дамушы мемлекетті қалыптастырады. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның даму жолында ұрпақтар сабақтастығының сақталуына ерекше көңіл бөлуде.
Келешек ұрпақ үшін өз өмірлерін қатерге тігіп, Отан алдында қалтқысыз қызмет еткен ардагерлер мен еңбек ерлеріне өшпес ерлігі үшін шын жүректен алғыс сезімдерімізді білдіреміз.
Сіздерге және отбастарыңызға зор денсаулық, бейбітшілік, бақыт пен береке тілеймін! 


Қостанай облысының әкімі                                                                          А. Мұхамбетов

Қостанай облысы әкімдігінің ресми сайтының материалдарынан: http://kostanay.gov.kz/kz/news/regionnews/ymbatty-ardagerler-rmett-ostanayly-tar/

хат жіберу