Блог статистикасы
195
Жазбалар
3165
Өтініштер
138840
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Жыл сайынғы «Студенттік көктем-2017» фестивалі

Облыс әкімі өзінің құттықтау сөзінде, жастардың - ел болашағына салынатын басты инвестиция екендігін атап өтті. «Бүгін фестиваль барысында жастар арасынан жаңа талантты және дарынды есімдер белгілі болды және олар Қостанай облысының студенттер қауымына үлгі болады, - деді А. Мұхамбетов. Олардың арасынан кейбіреулері алдағы болашақта жастардың Алтын кітабына енуі де мүмкін. Жақында ғана біздің қостанайлық спортшылар Анастасия Крестова, Александр Кленко, Виталий Пухкало, Ольга Тихонова және Денис Никиша 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарында Қазақстанның намысын лайықты қорғады. Ертеңгі күні әрқайсыларыңыз солардың қатарына қосылуларыңыз мүмкін. Ол үшін тек өзі елінің игілігі үшін өмір сүріп, ізденіп, еңбектену керек. Жастар - біздің болашағымыз», - деді өңір басшысы өзінің сөзінде.
Фестиваль бірнеше кезеңнен тұрды және оның қорытындысы бойынша екі жеңімпаз анықталды, олар А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті және М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті.

Қостанай облысы әкімдігінің ресми сайтының материалдарынан: http://kostanay.gov.kz/kz/news/regionnews/zhyl-sayyn-y-studentt-k-k-ktem-2017-festival/

хат жіберу