Блог статистикасы
195
Жазбалар
3546
Өтініштер
150274
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет


Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 қаулысына сәйкес Сәулет және қала құрылысы басқармасының (бұдан әрі – басқарма) құзыретіне «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері(ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру"(бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мемлекеттік қызмет көрсету кіреді.

Мемлекеттік қызмет стандарты (ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 137 қаулысымен бекітілген)

Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 187 қаулысымен бекітілген.)

Ғибадат үйді (ғимаратты) салу туралы шешім беруге өтініштің үлгісі

Үйді (ғимаратты) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беруге өтініштің үлгісі

«Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі 2016 жылдың қызметі туралы есеп


Құрылысқа рұқсат алу бойынша ЖАДЫНАМА

Кеңестерді алу үшін мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалар туралы байланыс телефондары бар мәліметтер

Лауазым

Т.А.Ә.

Қызметтік телефон

Жоспарлау және құрылыс салу бөлімі

1

Бөлім басшысы

Салий Наталья Анатольевна 

56-88-50

2

Бас маман

Мақпал Сырымбетқызы Есімтаева

575-416

3

Бас маман

Айдын Қуанышбайұлы Шеденов 

575-416

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1. ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін анықтау үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке тұлғалар үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшiрмесi;
Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға өз қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады;
3) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және ол тиесілі болатын діни бірлестік, құрылыстың мақсаттары, аталған аумақта діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж келушілер саны, ғибадат үйінде (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметкерлерге үміткерлер көрсетілген);
4) ғибадат үйін (ғимаратын) салу жоспарланып отырған ауыл (село), кент, шағын аудан, орам аумағында әрекет ететін жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) ғибадат үйін (ғимаратын) салуға (жақын маңда тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі;
2. ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке тұлғалар үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшiрмесi;
Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға өз қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады;
3) жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының көшірмесімен қоса, құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі және жер учаскесінің сәйкестендіру құжатының көшірмесі, нотариалды куәландырылған не салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылады;
4) жылжымайтын мүлiк нысанына ауыртпалықтардың жоқ екендігі туралы анықтама;
5) меншік иесінің үйді (ғимаратты) ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейіндеуге келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда ұсынылады);
6) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және ол тиесілі болатын діни бірлестік, құрылыстың мақсаттары, аталған аумақта діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж, келушілер саны, ғибадат үйінде (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметкерлерге үміткерлер көрсетілген);
7) ғибадат үйін (ғимаратын) салу жоспарланып отырған ауыл (село), кент, шағын аудан, орам аумағында әрекет ететін жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) ғибадат үйін (ғимаратын) салуға (жақын маңда тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі.

2. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасына, Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 65, бизнес-орталықтың үйі, 606 кабинет мекенжайы бойынша тапсырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі ақпаратты (8-7142) 575-416 телефон арқылы алуға болады, маман – Гүлнара Георгиевна Лазарева.

3. Басқармалардың қабылдау бөлмесінің тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні) қойылған мемлекеттік қызметті алушы өтінішінің көшірмесі құжаттардың өткізілгендігін растау болып табылады.

4. Мемлекеттік қызметті алушыға (не нотариалды расталған сенімхат бойынша өкілге) шешім жеке өзі келгенде беріледі немесе мемлекеттік қызметті алушыға көрсетілген мекенжайға пошта арқылы жіберіледі.

5.Үйдің (ғимараттың) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, сот және құқық қорғау органдарының, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғаумен байланысты басқа да қызметтердің, діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының ғимараттарында және аумағында орналасуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

Мемлекеттік көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымданған жағдайда, шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің атына жазбаша нысанда берiледi.
Шағым қолданыстағы заңнамада көрсетілген жағдайларда, жазбаша нысанда почта арқылы немесе электронды түрде, не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол берiледi.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Көрсетілген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

хат жіберу