Блог статистикасы
196
Жазбалар
2821
Өтініштер
134804
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Кадрлық қамтамасыз ету

Бос лауазымдарға қатысты ақпарат

Қазіргі уақытта «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (110000, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 112, каб. 203, анықтама телефоны:8-714-2-575-412, факс:8-7142-575-411) электрондық мекенжайы e-mail: dag@kostanay.gov.kz әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (негізгі қызметшінің жүктілікке және босануға арналған демалыс кезіңіне) уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымы –бар екенідігін хабарлаймыз.

Бос лауазымдарға орналасуға қатысты ақпаратты  8-714-2-56-88-50 телефоны арқылы алуға болады, әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы - Касенова Айнұр Жамбылқызы.

ГАЗЕТКЕ МАҚАЛА: «А» КОРПУСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ КАДР РЕЗЕРВІ 

Қазақстанның мемлекеттiк қызметтiң жаңа үлгiсi тұжырымдамасы шеңберiнде «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының ұғымы еңгiзілген.

Мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнамада «А» корпусы – кадр резервіне іріктеудің, конкурстық іріктеудің, мемлекеттік қызметті өткеру мен тоқтатудың ерекше тәртібі, сондай-ақ арнайы біліктілік талаптары көзделген басқарушылық деңгейдегі мемлекеттік әкімшілік лауазымдар белгіленген.

Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметтеріне (Қостанай облысында) келесі лауазымдар жатады: облыс әкімі аппаратының басшысы, қала  (Арқалык, Рудный, Лисаковск) және аудан әкімдері (1-санат), сонымен қатар тексеру комиссиясының төрағасы және мүшелері (2-санат).

Арнайы біліктілік талаптары (Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығымен бекітілген ) білімі бойынша; жұмыс өтілі бойынша; кәсіптік білімі, Қазақстан Республикасының заңнамасын, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі бойынша талаптарды қамтиды.

Нақтырақ айтқанда, «А» корпусының кадр резервіне алу және «А» корпусының бірінші санаттағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін кандидаттардың жоғары білімінің болуы талап етіледі.

«А» корпусының кадр резервіне алу және «А» корпусының екінші санаттағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін кандидаттардың мемлекеттік басқару, экономика, қаржы, құқық саласында жоғары білімінің болуы талап етіледі.

Сонымен қатар, бірінші санаттың бірінші тобының лауазымдарына; бірінші санаттың екінші тобының лауазымдарына орналасу үшін (1) бірінші кіші топ үшін; 2) екінші кіші топ үшін; 3) үшінші кіші топ үшін) қызмет өтілі бойынша нақты талаптар қойылады.

Екінші санаттың лауазымдарына орналасу үшін мемлекеттік басқару, экономика, қаржы, құқық салаларында жеті жылдаң кем емес қызмет өтілі қажет.

Сонымен қатар «А» корпусының кадр резервіне алу және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін кандидаттарға кәсіптік білімі, Қазақстан Республикасының заңнамасын, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі бойынша талаптар қойылады. Кәсіптік білімінің болуын, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия кандидаттармен әңгімелесу өткізу кезінде айқындайды. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі тест өткізу кезінде айқындалады.

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алуға үміткерлерді (бұдан әрі – «А» корпусының резервіне үміткерлер) тестілеу келесі кезеңдерден тұрады: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу; 2) логикалық тест; 3) құзыреттілік деңгейін анықтауға тестілеу; 4) мемлекеттік тілді білуге арналған тестілеу
КАЗТЕСТ. Тестілеудің нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссиясында әңгімелесу өткізіледі. Ұлттық комиссиясының функциялардың бірі «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу үшін кандидаттардың жеке ісін қарау және олармен әңгімелесу өткізу жатады.

2013 жылдан бастап 3 конкурс өткізілді, оларға қатысу үшін Қостанай облысынан 120 қатысушыдан мүлімдеме түсті, конкурс нәтижелері бойынша «А» корпусының кадр резервіне облыс бойынша 44 адам алынды, олардың ішінен 2013 жылы – 26, 2014 жылы – 2, 2015 жылы – 2 лауазымдарға тағайындалды.

«А» корпусының кадр резервіне іріктеу, конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметті өткеру мәселлері бойынша консультация алу үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті мекен-жайы бойынша – Қостанай қ., Қасымқанов көш. 34, 203 каб. немесе 8(7142)39-16-64, 39-35-56, 39-17-83  телефондарына хабарласуға болады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің 
Қостанай облысы бойынша департаменті
Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы 

Д.Т. Хасанова


«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары



 

 

  

хат жіберу