Блог статистикасы
196
Жазбалар
2821
Өтініштер
134804
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Жалпы ақпарат

«Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ


1. Пошталық мекенжай: 110000, Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 112, бөл.№202-210
2. Бастықтың тегі, аты-жөні: Арман Абдоллаұлы Бекенов
3. Электрондық пошта мекенжайы: dag@kostanay.gov.kz 
4. Сенім телефоны:    575-412
   қабылдау бөлмесінің: 575-412, 575-411

5. Орталық атқарушы орган:Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті
6. Басқарманың Стратегиялық жоспары (Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 ақпандағы № 35 қаулысымен күшін жойылды)
7. Басқарманың 2013 жылғы Стратегиялық жоспарын орындау туралы есеп

Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы бюджет шығыстарының функционалдық классификациясына сәйкес Қостанай облысының бюджеттік бағдарламалар әкімшісі және сәулет, қала құрылысы саласындағы атқарушы орган болып табылады.

Басқарманың негізгі міндеттері:

1. облыс аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс және құрылыс индустрия саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
2. мемлекеттік құрылыс және тұрғын үй саясатын, облыстың инфрақұрылым және қала құрылысын дамыту бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу.

Басқарма мына функцияларды жүзеге асырады:

1) аумақтарда қала құрылысын жобалаудың (облысты немесе оның бiр бөлігiн аудандық жоспарлау жобасының) кешендi схемасын, облыс аумағындағы елдi мекендердiң белгiленген тәртiппен бекітілген бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;
2)  халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына енгізу;
3) облыс аумағының қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларының жобаларын (облыстың аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну;
4) ведомстволық бағынысты облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
5) облыстың елді мекендерінің шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді егу, күтіп-ұстау және қорғау ережелерін облыстық мәслихатқа бекітуге ұсыну;
6) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) бекіту және іске асыру жөніндегі облыс әкімдіктің актілерін дайындау;
7) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдемдесу;
8) халқының есептік саны бір жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;
9) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін жүргізуді және толықтыруды қамтамасыз ету;
10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

ММ өкілеттіктерін, функциялары мен міндеттерін анықтайтын нормативтік құқықтық актілердің, заңдардың тізбесі:

ҚР Конституциясы,
ҚР Заңдары: «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»;
Салық кодексі;
«Елді мекендерде сыртқы (визуалдық) жарнама объектілерін орналастыру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №121 Қаулысы;
«Азаматтар өтініштерін қараудың тәртібі туралы» Заң күшіне ие, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы және т.б

хат жіберу