Блог статистикасы
196
Жазбалар
2593
Өтініштер
112977
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Ереже

Әкімдіктің
2016 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 439 қаулысымен бекітілген



                                                                             

«Қостанай облысы әкімдігінің  сәулет және қала құрылысы басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының  Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы  Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

7. «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы»  мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы»  мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 112.

10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті  бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы»  мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы»  мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

14. «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: сәулет және қала құрылысы  саласында мемлекеттік саясаттың дамуына және жетілдіруіне жәрдемдесу.

15. Міндеттері:

1) облыс аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

16. Функциялары:

1) аумақтарда қала құрылысын жобалаудың (облысты немесе оның бiр бөлігiн аудандық жоспарлау жобасының) кешендi схемасын, облыс аумағындағы елдi мекендердiң белгiленген тәртiппен бекітілген бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;

2)  халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына енгізу;

3) облыстық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну;

4) ведомстволық бағынысты әкімшілік-аумақтық бірлік аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын (аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ қалалық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

5) облыстың елді мекендерінің шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді егу, күтіп-ұстау және қорғау ережелерін облыстық мәслихатқа бекітуге ұсыну;

6) облыстық маңызы бар қалалар бас жоспарының жобаларына келісім беру;

7) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістерi туралы халыққа хабарлап отыру;

8) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) бекіту жөніндегі облыс әкімдіктің актілерін дайындау;

9) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдемдесу;

10) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;

11) халқының есептік саны бір жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;

12) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін жүргізуді және толықтыруды қамтамасыз етеді;

13) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне тіркеу тәртібі және мекенжайдың құрылымы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;

2)«Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен заңды мүдделерін сот органдарында қорғауды жүзеге асыру;

3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұрату және алу;

4) өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыру;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру және өзге де міндеттерді атқару.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

19. «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысын Қостанай облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1) «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды;

2) заңнамамен белгіленген тәртіппен «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктері мен міндеттерін белгілейді;

4) «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымын бекітеді;

5) «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді және қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

6) бұйрықтар шығарады және «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді;

7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесін білдіреді;

8) заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;

9) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

21. «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

22. «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23.  «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 ________________________________________

хат жіберу