Блог статистикасы
195
Жазбалар
4604
Өтініштер
179075
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Лауазымдық нұсқаулық


Бекітілді Қостанай  

облысының әкімі А. Мұхамбетовпен

2016 жыл  «___» ________

   

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ

Арман Абдоллаұлы Бекенов - сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы 

1. Жалпы ережелер

1.1. Өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылдың 29 желтоқсандағы           № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары),  «Қазақстан Республикасындағы  сәулет, қала құрылысы және құрылыс кызметі туралы» Заңын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын басшылыққа алады.

1.2. Жоспарлау және құрылыс салу, талдамалық, ақпараттық жүйелер және құжаттандыру, әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету бөлімдерінің жұмысына жетекшілік етеді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қостанай облысы әкімінің өкімімен және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органдардың келісімі бойынша лауазымға тағайындалады және атқарып жатқан лауазымнан босатылады.

1.3. Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның функцияларын бөлім басшылардың біреуі орындайды.

  

2. Мемлекеттiк әкімшілік қызметшiнің құқықтары 

2.1. Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;

2.2. өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды тұлғалардан оларды орындауын талап етуге;

2.3. белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат және материалдар алуға;

2.4. лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарға кіруге;

2.5. басшылықтан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;

2.6. жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;

2.7. өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;

2.8. тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға;

2.9. өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге;

2.10. бiлiктiлiгiн, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауды ескере отырып, қызметi бойынша жоғарылауға;

2.11. қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;

2.12. еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына;

2.13. әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;

2.14. мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға;

2.15. зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;

2.16. жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.

  

3. Мемлекеттiк әкімшілік қызметшiнің міндеттері 

3.1. Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасында құпия режімін, құпия іс жүргізуді қамтамасыз етуді бақылау;

3.2. аумақтарда қала құрылысын жобалаудың (облысты немесе оның бiр бөлігiн аудандық жоспарлау жобасының) кешендi схемасын, облыс аумағындағы елдi мекендердiң белгiленген тәртiппен бекітілген бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;

3.3. сәулет, қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

3.4. халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына енгізу;

3.5. облыстық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну;

3.6. ведомстволық бағынысты әкімшілік-аумақтық бірлік аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын (аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ қалалық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

3.7. аумақтарды абаттандыру қағидаларын облыстық мәслихаттың бекiтуiне ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастыру;

3.8. облыстың елді мекендерінің шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді егу, күтіп-ұстау және қорғау ережелерін облыстық мәслихатқа бекітуге ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастыру;

3.9. облыстық мәслихатқа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарамағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң шекараларын белгiлеу немесе өзгерту жөнiнде қала құрылысынан туындайтын факторларға байланысты ұсыныстар енгізу;

3.10. республикалық маңызы бар қалалардың оларды облыс аумақтары, резервтiк аумақтар, қала маңындағы аймақ, сондай-ақ заң арқылы қала ықпал ететiн аймаққа жатқызылған өзге де аумақтар есебiнен дамыту бөлiгіндегі бас жоспарларының жобаларына келісім беру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

3.11. облыстық маңызы бар қалалар бас жоспарының жобаларына келісім беру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

3.12. аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістерi туралы халыққа хабарлап отыру;

3.13. елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) бекіту және іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

3.14. облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдемдесу;

3.15. мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;

3.16. халқының есептік саны бір жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;

3.17. «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін жүргізуді және толықтыруды қамтамасыз ету;

3.18. ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне тіркеу тәртібі және мекенжайдың құрылымы туралы ережені әзірлеу және бекіту;

3.19. облыстың қалалары және аудандарының сәулет және қала құрылысы органдарына сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша ұйымдастырушылық, әдістемелік және басқа да көмекті көрсету;

3.20. Тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысының мониторингін жүзеге асыру;

3.21. заманауи, жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті құрылыс материалдарды, бұйымдарды және құрылымдарды шығару бойынша жаңа өндірістерді құрудың мониторингін жүзеге асыру;

3.22. қолданыстағы заңнамаға сәйкес Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің қызметіне бағалау жүргізу;

3.23. заңнамамен белгіленген тәртіппен хаттарды, басқарма қызметкерлерінің өтініштерін қарау, құзыретіне кіретін олардың құқықтық талаптардың орындалуын қамтамасыз ету;

3.24. белгіленген уақытта жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің жеке қабылдауын жүргізу.


4. Жауапкершілік

         4.1. Сәулет және қала құрылысы басқармасына жүктелген функциялар және мiндеттердi орындамағаны және тиiсiнше орындамағаны.

         4.2. Мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтердің сақталуын ұйымдастырылмағаны, құпия режімін қамтамасыз етілмегені.

         4.3. Лауазымдық өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны.

         4.4. Мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұзғаны.

         4.5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды қолданбағаны.

 

 

                                       Таныстым: ___________________________________________________________

                                                                                                     (Т.А.Ж. қолы,күні)

 

хат жіберу