Блог статистикасы
196
Жазбалар
2596
Өтініштер
113148
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Құрылымы

Басқарма қызметкерлердің тізімі


Сәулет және қала құрылысы басқармасының орналасқан мекенжайы:

Қостанай қаласы,  Әл-Фараби даңғылы, 112, 2 қабат, 202-210 каб.

басшы


Басқарма басшысы
Арман Абдоллаұлы Бекенов
каб.№ 210, тел. 575-412, факс: 575-411
e-mail: dag@kostanay.gov.kz





Жоспарлау және құрылыс салу бөлімі

Мазин

басшы Әнес Ислямұлы Мазин
каб.№ 205, тел. 56-82-84.
e-mail: a.mazin@kostanay.gov.kz




Бөлімінің негізгі функциялары:

облыс аумағындағы елдi мекендердiң белгiленген тәртiппен бекітілген бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру; халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына енгізу; облыстық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну; ведомстволық бағынысты әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағының құла құрылысы жоспарлаудың кешенді схемаларды (аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ қалалық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну; аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістерi туралы халыққа хабарлап отыру; елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс салу жобаларын) бекіту және іске асыру бойынша облыс әкімдігінің актілерін дайындау; облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдемдесу; халқының есептік саны бір жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру; Азаматтық қорғаныс инженерлік қызметінің функцияларын жүзеге асыру.


Талдамалық бөлімі

Викулова

басшы Ирина Ильинична Викулова
каб.№ 204, тел. 56-82-84
e-mail: i.vikulova@kostanay.gov.kz




Бөлімінің негізгі функциялары:

тұрғын үй құрылыс және құрылыс индустриясын дамыту бойынша бағдарламаларды әзірлеу және іске асыруына мониторинг жүргізу; жеке және заңды тұлғалардың сәулет, құрылыс және құрылыс индустриясының мәселелері бойынша шағымдарды, өтініштерді қарау; тиісті органдарға есептерді, әр түрлі ақпаратты уақытылы ұсынылуын бақылау; сәулет және тұрғын үй құрылысы мәселелер бойынша облыстың қалалар және аудандардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімдеріне кеңес беру болып табылады.


Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі


Викулова

басшы Қасенова Айнұр Жамбылқызы
каб.№ 203, тел. 56-88-50
e-mail: a.kassenova@kostanay.gov.kz





Бөлімінің негізгі функциялары:

сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда Басқарма қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгіленген тәртiппен Басқарманың мүдделерiн бiлдiредi; Басқармада нормативтiк құқықтық актілерiне мониторингті тұрақты негiзде жүргізу; Басқармада жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу және iске асыру; еңбек шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету; Басқарманың персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру; Басқарманың кадр, оның ішінде мамандық және біліктілік бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау; Басқарманың кадр құрамын қалыптастыру, конкурстық іріктеуді ұйымдастыру; Басқарманың кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу; мемлекеттік органда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру; Басқармада кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру; Басқарманың кәсіби кадр дамуын, оның ішінде қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету; конкурстық, аттестаттау, тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметке кіру, өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшілердің қызметіне  бағалау жүргізуді ұйымдастыру, олардың аттестаттау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді; Басқармада еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, Басқарма басшысына оларды көтермелеу және ынталандыру бойынша ұсыныстарды енгізу; мемлекеттік тілінде құжаттардың, ақпараттардың және шығыс құжаттамасының түзетуін жүзеге асыру; бухгалтерлік есептілікті, бухгалтерлік балансты құру; тауарлар, жұмыстар және қызметтердің мемлекеттік сатып алуын ұйымдастыру және өткізу; Басқарманың қаржылық жағдайы туралы оперативтік аппаратты ұсыну; қаржыландыру жоспарының жобасын, төлемдер және міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың жеке жоспарларын құру және уәкілетті органда бекіту; бюджеттік бағдарламалар бойынша түсетін ақшалай қаражаттардың, тауар-материалдық қорлар және негізгі қаражаттардың нақты есебін қамтамасыз ету; келісімшарттарды (әкімшілік шығындар) рәсімдеу, жасау және тіркеу; қаржыландыру жоспардың орындалу есебін қамтамасыз ету; бөлінген бюджеттік қаржының, нақты шығындардың eceбі; заңнамаға сәйкес бухгалтерлік баланстан кемдіктерді, дебиторлық берешектерді есептен шығаруды жүзеге асыру; бюджетке төлемдерді есептеу және уақытылы аударуды жүзеге асыру; бухгалтерлік құжаттамалардың сақталуын және оларды мұрағатқа тапсырылуын жүзеге асыру; Басқарма мүлігінің сақталуын бақылау; Басқарманың мүлік объектілерінің түгендеуін жүргізу.



Ақпараттық жүйелер және құжаттандыру бөлімі

Салий Н.А.

басшы Наталья Анатольевна Салий
каб.№ 209, тел. 56-88-50
e-mail: n.salij@kostanay.gov.kz




Бөлімінің негізгі функциялары:

Басқарма қызметінің ақпараттық қамтамасыз етуді, Басқарманың ресми Интернет-ресурсының (бұдан әрі - сайт) енгізілуін және тиімді жұмыс істеуін жүзеге асыру;
Ақпараттық технологиялардың тиімділігін бағалау әдістемесіне сәйкес сайтта ақпаратты толық, сапалы және уақытында қамтамасыз ету;
Қостанай облысы мемлекеттік органдар басшыларының ресми блог-платформасында орналастырылған Басқарма басшысының блогы модераторының міндеттерін жүзеге асыру;
Қостанай облысы әкімдігінің ресми Интернет-ресурсында Басқарма құзыретіне қатысты ақпаратты уақытында жаңартуына бақылау жүргізу;
Басқарма құзыреті шегінде гендерлік саясатының іске асырылуын қамтамасыз ету;
Басқарма қызметкерлердің арасында құқықтық жалпыға оқытуды ұйымдастыру;
тиісті органдарға өз құзыретінің мәселелері бойынша есептерді, ақпараттарды уақытында дайындау және ұсыну;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша мәселелерді жүргізу;
«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінің жүргізілуін қамтамасыз ету;
«Мекенжай тiркелiмi» ақпараттық жүйесiне тiркеу тәртiбi және мекенжайдың құрылымы туралы ереженi әзiрлеу;
«Мекенжай тiркелiмi» ақпараттық жүйесiнің деректерін толтыру және өзектілеу бойынша талдауды жүргізу;
елдi мекеннiң құрамдас бөлiктерiне атау беру және қайта атау тәртiбiн жүргiзу жөнiндегi қағидаларды, жер учаскелерiне, ғимараттарға және құрылыстарға реттiк нөмiрлерiн беру талаптарын әзiрлеу;
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
белгіленген нормаларға сәйкес компьютерлік, ұйымдастырушылық техниканың, жергілікті есеп желісінің және басқа кеңселік құрал-жабдығының қалпына, техникалық қызмет көрсетуге бақылау, мазмұнын және пайдаланылуын қамтамасыз ету;
ЭҚАБЖ және электрондық поштаның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету
«Дін қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызметті көрсету.







хат жіберу