«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 қазандағы № 442 шешімімен Қостанай облысы қалалары мен елді мекендерінің жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау, аумақтарын абаттандырудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілді. Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк реестрiнде 2015 жылғы 20 қарашада № 6011 тіркелді.
Қостанай облыстық мәслихатының жоғарыда аталған шешімі «Костанайские новости» газетінде ағымдағы жылғы 28 қарашада жарияланды және қолданысқа 2015 жылдың 9 желтоқсанынан бастап енгізіледі.
Қағидаларды бұзу үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 386 және 505-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.
«Норматив Плюс» ЖШС құрылысқа үшiн арналған жобаның кешендi ведомстводан тыс сараптамасын (техникалық-экономикалық негiздеме және жобалау-сметалық құжаттамасы) 14.01.2016 жылдан бастап жүзеге асыратыны туралы хабарлаймыз. Аккредиттеу туралы куәлік Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетімен 14.01.2016 жылы № 00003 берілді
Толық ақпаратты www.nplus.kz сайтында немесе телефон бойынша 8 (717)2 72-85-06 алуға болады.
Мердігерлік ұйымдардың басшыларына
«Эксперт Сертификация» ЖШС құрылысқа үшiн арналған жобаның кешендi ведомстводан тыс сараптамасын (техникалық-экономикалық негiздеме және жобалау-сметалық құжаттамасы) 14.01.2016 жылдан бастап жүзеге асыратыны туралы хабарлаймыз. Аккредиттеу туралы куәлік Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетімен 14.01.2016 жылы № 00008 берілді.
Толық ақпаратты www.ex-c.kz сайтында немесе телефон бойынша 8 (717)2 72-85-40 алуға болады.