Жиі қойылатын сұрақтар
№ |
Сұрақ |
Жауап |
1 |
Мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде салынған тұрғын жайды алуға халықтың қандай санаттары жеңілдікпен пайдаланады және сондай пәтерлерді алуға қалаушылар көп пе? |
«2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Тұрғын құрылыстың мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде салынған тұрғын жайларды жергілікті атқарушы органдармен жүзеге асыру ережені бекіту туралы» Үкімет қаулысына сәйкес тұрғын жайларды алуға басым құқығы мына адамдарға беріледі: |
2 |
Функционалдық мақсатын өзгертпей-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау үшін рұқсат керек пе? |
Рұқсатсыз объектіде құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау заңсыз құрылыс болып табылады. Мыналарды: объектінің құрастырмалары мен функционалдық мақсатын өзгертпей-ақ жер учаскесінің (аумақтың, трассаның) қазіргі шекарасында жүзеге асырылатын объектілерді қайта жаңартқан, қайта жоспарлаған, қайта жабдықтаған, техникамен қайта жарақтандырған, күрделі жөндеген; көшелердің, алаңдардың, өткелдердің жол жабындары мен көше төсемдеріне ағымдағы жөндеу жүргізген, шағын сәулет нысандарын, ашық жасанды бассейндерді, фонтандарды, қалалық безендіру қондырғыларын, сәулет және көгалдандырудың жер бедері элементтерін салған және жайластырған; уақытша мақсаттағы көмекші және қосалқы құрылыстар салған кезде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу талап етілмейді. |
3 |
Тұрғын жайдың жеке тұлғалармен қайта жабдықтау және жанадан жоспарлаудың заңдастыру тәртібі. |
Өз еркімен жанадан жоспарлауды заңдастыру – ұзақ мерзімді процедура. Егер жұмыстар жүргізілген болса, онда жылжымайтын мүлік иесінің жылжымайтын мүлікке өз құқығын міндетті рәсімдеудің қажеттілік пайда болады, онсыз жылжымайтын мүлік объектілерді шаруашылық айналымға енгізуге болмайды, сонымен қатар сатып алу-сату жөніндегі келісім, мұрагерлікті рәсімдеу және т.б. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 425 қаулысымен бекітілген «Құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеу және беру ережесімен» анықталған тұрғын емес жайдың жанадан жоспарлаудың рәсімдеу процедурасын иесі жүзеге асыруды міндетті, оған төмендегілер кіреді: |
4 |
Қостанай қаласында мешіттің құрылысы жоспарда бар ма? |
Бүгінгі күнге Қостанай қаласында халықтың 200 мың астам санымен бір ғана мешіт бар, ол Марал Ишан атындағы мешіт. Қостанай қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 17 қыркүйектегі №1782 қаулысымен «Қазақстан Мұсылмандарының рухани басқармасы» ДБ-не Маяковский көшесіндегі, Байтұрсынов атындағы ҚМУ-не іргелес жалпы көлемі 1,5054 га жер учаскесі берілді. Құрылыстың ұйғарынды құны 1500 млн.теңгеден астам, оның ішінде жобалау-зерттеу жұмыстарының құны 60 млн.теңге, құрылыс-монтаж жұмыстарының құны – 1480 млн.теңге. |