Блог статистикасы
196
Жазбалар
2596
Өтініштер
113148
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Сұрақ - жауап

Құрметті пайдаланушылар!

Осында сіз сәулет және қала құрылысы Басқарманың жетекшілік ететін бағыттары бойынша сұрақ қойып және жауап алуға мүмкіндігіңіз бар: 

- Қостанай облысында сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерді орналастыруға рұқсат беру және рәсімдеу;
- Облыста қала құрылыс жобаларды әзірлеуге;
- мемлекеттік қала құрылысы кадастры облыстық және негізгі деңгейде құру;
- Облыс бойынша «Мекен жай тіркелімі» ақпараттық жүйенің негізгі мәліметтерімен толтырылуын бақылауды жүзеге асыру;
- Қостанай облысында 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру.

Осы сервисті пайдалану кезінде келесіні ескеру қажет:
1. Сұрақтар өтініш берілген тілінде жауап беріледі (мемлекеттік және орыс тілінде).
2. Анонимдік өтініштер - тегі, аты-жөні, мекен-жайы туралы мәліметтер, телефоны көрсетілмесе қарастыруға жатпайды. Сайтқа сұрақты жариялаған кезінде А.Т.Ж. және сұрақтың мәтіні  ғана көрсетіледі, пайдаланушының қалған ақпараты сайтың әкімшісінде құпия ретінде сақтайды, бірақ өтініштің нақты тұлғаны растауға құқығын қалдырады, сонымен қатар қажетті кезінде телефон бойынша қойылған сұрақты айқындау.
3. Сұрақтар алдын ала цензура өтеді және жалпы мағынасын бұзбай өңделу мүмкін, онда жаңылыс жазылар және грамматикалық қателер түзетілу мүмкін.
4. Сұрақты жарияламау мүмкін, егер: 
- Қарастыратын мәселе Басқарманың құзыретіне кірмесе;
- жағымсыз және оның туындайтын лексика;
- заңсыз әрекеттерге шақырса,  әрбір белгі бойынша кемсітуді насихаттау және т.б.;
- спам, жарнама ақпаратты немесе басқа коммерциялық мақсаттарды көздесе;
- үшінші жақтың олардың рұқсатысыз дербес мәліметтерді таратса;
- аяқталмаған сөйлемі немесе сұрақтың мағынасын сезініп алуға мүмкін емес болса;
- басқа этикалық нормаларды бұзса.
5. Бір сұрақтың жалпы көлемі алты жүз белгіден аспау керек.

Сіз осы сервистің уақытша сөндірілген кезінде өзіңіздің сұрағыңызды мына электрондық поштаға жіберуіңізді болады: 
dag@kostanay.gov.kz 
Сізге электрондық пошта бойынша жауап беріледі және сайтта «Сұрақ-жауап» бөлімінде жарияланады


Өтініш беруші

Сұрақ - Жауап

Есенгелді Уақпаевке
Қостанай қ.

Өтініш берген күні 18.02.2013ж.
Сұрақ: Тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскені алуға қалауым бар. Арызды 2007 жылда бердім және бірнеше мерзім өткен соң кезегім жылжыған жоқ. Мен қалада тұрамын және пәтерді жалдаймын, өз үйімді армандап жүрмін, осы мәселе бойынша кімге шағымдану қажет?

Жауапты берген күні 22.02.2013ж
Жауап: «Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ kostanay-city.kz сайтында жарияланған Қостанай қаласында жеке тұрғын үй құрылысты жүзеге асыруды қалау ететіндердің шағымданушылар тізіміне (бұдан әрі – тізім) сәйкес кезегіңіздің нөмірі – 10146.
ЖТҮҚ арналған жер учаскені алу үшін өтінішіңізді беру күні – 2007 жылғы 5 қыркүйек тізімде көрсетілген. 
Тізімде 2012 жылғы қыркүйекті қоса алғанда қазіргі уақытына қарай кезек тәртібімен ЖТҮҚ арналған жер учаскелер берілгендер өтініш берушілер туралы мәліметтер көрсетілген.
Қаланың жергілікті атқарушы органдары бұрып шығару арналған алаңдарды дайындау туралы және ЖТҮҚ арналған жер учаскелерді алу үшін кезекте тұрғандардың тізімі туралы ақпараттардың қолжетімділігін арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру (немесе) бұқаралық ақпарат құрылдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде тоқсанда бір реттен кем емес жариялау арқылы қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта Қостанай қаласында аз қабатты құрылыс салудың тұрғын үй массивтерге алаңдарды бөлу туралы мәселе шешілуде, оларға нақты жобалау жобалары, кезек тәртібімен өтініш берушілерге жер учаскелерді бөлу үшін құрылыс салу жобалары әзірленеді.

Дәулет
Қостанай қ.

Өтініш берген күні 13.04.2011ж. 
Сұрақ: Қостанай қаласында мешіттің құрылысы жоспарда бар ма?
Жауапты берген күні 14.04.2011ж
Жауап: Бүгінгі күнге Қостанай қаласында халықтың 200 мың астам санымен бір ғана мешіт бар, ол Марал Ишан атындағы мешіт. Қостанай қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 17 қыркүйектегі №1782 қаулысымен «Қазақстан Мұсылмандарының рухани басқармасы» ДБ-не Маяковский көшесіндегі, Байтұрсынов атындағы ҚМУ-не іргелес жалпы көлемі 1,5054 га жер учаскесі берілді. Құрылыстың ұйғарынды құны 1480 млн.теңге. МечетьМешіттің жобасы сыйымдылығы - 1500 адам екі қабатты ғимаратты көздейді, оның ішінде еркек залының сыйымдылығы – 1000 адам, әйел залының – 500 адам. 450 адамға арналған діни және дәстүрлі рәсімдері үшін зал көзделген. Құрылыс екі жылға созылады, объекттегі жұмысының орындалу мерзімі инвестициялық белсенділігі мен мұсылмандарының қайырымдылығымен анықталады. Қостанай қаласындағы мешіт құрылысына демеушілік көмегін  «Қазақстан Мұсылмандарының рухани басқармасы» ДБ Марал ишан мешітінің шотына «Қазақстанның Халық банкінде» аударуға болады: 
КБе 18
БСК  HSBKKZKX Қостанай қ. Халық банкінде
ТСН 391700073278
ИИК  KZ886010221000045354

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ҚОФ

Өтініш берген күні 01.03.2011ж 
Сұрақ: Қостанай облысында сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру үшін төлемақы мөлшеріне түзету коэффициентінің маңызы туралы хабар беруіңізді сұраймыз?
Жауапты берген күні  02.03.2011ж
Жауап: Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерді орналастыру үшін ай сайынғы төлемі ҚР Салық кодексінің 530-б. 1-т. сәйкес саналады. Қостанай облысында жарнаманы орналастыру үшін төлемақыларды көбейтетін түзету коэффициенттер қолданылмайды.

Марат
Қостанай қ.

Өтініш берген күні 17.11.2010ж
Сұрақ: Мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде салынған тұрғын жайды алуға халықтың қандай санаттары жеңілдікпен пайдаланады және сондай пәтерлерді алуға қалаушылар көп пе?

Жауап: «2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Тұрғын құрылыстың мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде салынған тұрғын жайларды жергілікті атқарушы органдармен жүзеге асыру ережені бекіту туралы» Үкімет қаулысына сәйкес тұрғын жайларды алуға басым құқығы мына адамдарға беріледі:
1. балалары бар жас отбасыларға;
2. мемлекеттік бюджет қаражаты арқылы ұсталатын мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлеріне;
3. әлеуметтік ортадағы мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлеріне. 
Республикалық бюджетінен бөлінген қаражаттың есебінен қайтару негізімен салынған тұрғын жайларды сату туралы шешімін қабылдауда тұрғын жайларды алуға басым құқығы бар азаматтардың санаттарына баллдарды қою жүйені пайдаланумен іріктеу белгі қолданылады.
Қазіргі кезде пәтерлерді алуға басым санатынан үміткерлер пайдалануға енгізілген пәтерлердің санынан көбірек. 
Пәтерді алу үшін өтініштердің беру мерзімі және оның шарттар сұрақтары жөнінде Сізге Қостанай қаласының әкім аппаратының тұрғын жайды есептеу және бөлу жөніндегі бөліміне үндеуіңіз қажет  (Байтұрсынов к., 55, тел. 575-726)

Александр
Рудный қ.

Өтініш берген күні 28.09.2010ж
Сұрақ: Көлемі 18 ш.м. стандарттық баннерінде сыртқы жарнаманы орналастыру үшін ай сайынғы төлемақының сомасын айтып беріңіз.

Жауап: Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 530 бабына сәйкес базалық ай сайынғы төлемақы ставкалары жарнама объектісінің алаңына және орналастыратын жеріне байланысты негізінде белгіленеді. Сонымен, жарнама объектісінің көлемінің ай сайынғы төлемақы 
10-нан 20 ш.м. дейін:
- облыстық маңызы бар қалаларда (Қостанай, Рудный, Арқалық, Лисаков) – 10 АЕК = 14 130 теңге;
- аудандық маңызы бар басқа қалалар, кенттер, селолар, ауылдарда - 5 АЕК = 7065 теңге.
(2010 жылдың АЕК =1413 теңге)

Ольга
Қостанай қ.

Өтініш берген күні 19.07.2010ж
Сұрақ: Жарнамалық жайма құрылғылар (штендерлер) төлемдермен салынады ма? 
Жауап: Қазақстан Республикасының Салық кодексі 530 бабының 3.1)7 тармағына сәйкес жарнаманың түріне ай сайынғы төлемақы ставканың мөлшері -  жарнамалық жайма құрылғының (штендер) орналастыратын жеріне қарағанда белгіленеді және объектінің көлеміне байланысты емес:
- облыстық маңызы бар қалаларда (Қостанай, Рудный, Арқалық, Лисаков) – 5 АЕК = 7065 теңге (бір жағына);
- аудандық маңызы бар басқа қалалар, кенттер, селолар, ауылдарда - 1 АЕК = 1413 теңге (бір жағына).
(2010 жылдың АЕК =1413 теңге)

ЖК О.А.Келлер 
Қарабалық ауданы

Өтініш берген күні 07.06.2010ж
Сұрақ: Сыртқы (көрнекі) жарнама объектіні орналастыруға рұқсат қағазы қаншама уақыттың ішінде дайындалады? 
Жауап: Сыртқы (көрнекі) жарнама объектіні орналастыруға рұқсат қағазы өтінішті бергеннен кейін 10 күннің ішінде дайындалады.
















 

хат жіберу